Құдайдың нұр жауған құт берекесі барлық адамзаттың құтқарылуына келді (Тит. 2, 11)
Аса қасиетті архипастырлар, қадірлі пресвитерлер мен диакондар, Құдайды сүйген иноктар мен инокинялар, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!
Өлімді Жеңген, дүниенің Иесіне деген рухани қуанышқа және ұлы салтанатқа және Құдайдың нұрына толы түні, барлықтарыңа, біздің өзгермейтін үмітімізді куәландыратын көне дауысты айтамын:
ХРИСТОС ТІРІЛДІ!
Екі мың жылға жуық бұрын болған Құдай Иенің нұр шашқан табытының жанында болған көріністі көптеген тақуа ерлер мен әйелдердің әулиеттері ұғынуға ынталанды. Олар бізге, адамның шектелген санасына мүмкіндігінше, Иерусалимнің ескі қабырғасының жанындағы жерлеу үңгірінде болан осы ғажап құпияны жеткізуге талпынды. Бізді, Құдайдың сол түні бүкіл әлемге жасаған, шынымен де түбегейлі өзгерісті сезінуге әкелетін бейне іздеді.