Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/u0051115/data/www/pravoslavie-atyrau.kz/templates/temanew/library/Designer/Content/SingleArticle.php on line 198

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы КИРИЛЛДЫҢ архипастырларға, пастырларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және барлық Орыс Православие Қауымының сенімді ұл-қыздарына Пасхалық жолдауы

Құдайдың нұр жауған құт берекесі барлық адамзаттың құтқарылуына келді (Тит. 2, 11) 

Аса қасиетті архипастырлар, қадірлі пресвитерлер мен диакондар, Құдайды сүйген иноктар мен инокинялар, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!

       Өлімді Жеңген, дүниенің Иесіне деген рухани қуанышқа және ұлы салтанатқа және Құдайдың нұрына толы түні, барлықтарыңа, біздің өзгермейтін үмітімізді куәландыратын көне дауысты айтамын:

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

     Екі мың жылға жуық бұрын болған Құдай Иенің нұр шашқан табытының жанында болған көріністі көптеген тақуа ерлер мен әйелдердің әулиеттері ұғынуға ынталанды. Олар бізге, адамның шектелген санасына мүмкіндігінше, Иерусалимнің ескі қабырғасының жанындағы жерлеу үңгірінде болан осы ғажап құпияны жеткізуге талпынды. Бізді, Құдайдың сол түні бүкіл әлемге жасаған, шынымен де түбегейлі өзгерісті сезінуге әкелетін бейне іздеді.

      Киелі епископ Иоанн Златауст бұл оқиға жайында былай деп жазады: «біздің Құдай Иеміз Иисус Христостың өлімнен тірілген күні – дүниенің іргетасы, татулықтың басталуы, жаулық әрекеттің тоқтатылуы, өлімнің қирауы, шайтанның жеңілуі» (Киелі Пасха күні айтқан сөзі)

    Жоғарыда айтылғанға апостол Павелдің тәріздеген сөзі, Құтқарушының табыттан тұруы дүниенің жаңа жаратылуына және жаңа адамзаттың жаралуына ерекше түрде мағынасын толтырады. «Кім Христоста, ол жаңа жаратылым; ескі кетті, енді бәрі жаңа» (2 Кор. 5, 17), – деп оқимыз апостолдың коринфяндарға жолдауында.

    Құдай Иенің өлімнен тірілуі – христианствоның дүниеге деген басты маңызды жолдауы. Тек Голгофа құрбандығының нәжижесінде, даңқты Тірілумен тығыз байланысты болған, әр игіліктің Қайнар Көзіне бағытталған, адамзаттың барлық ұмтылысы мағына және бағалық алады. Христостың құрбандығы әр түрлі мәдениеті және дәстүрі бар адамдардың Тірі Құдайды қайраткерлі іздеген әрекетінің жауабы болды, өйткені, Киелі Жазбаның сөзі бойынша, Құдай Ие «әр халықта Одан қорқатындарға және Оның жолымен жүретіндерге риясыз және Оған ұнамды» (Деян. 10, 34-35), және Ол барлығының құтқаруларын және шындықты ұғынуларыларын қалайды (1Тим. 2,4). Осы қиналып күш салып іздегендік, көптеген миллиондаған адамдардың, әр уақытта нәтижесіз өздерінің аянышты күйін жеңуге мүмкіндігін және шынайы «өмір және артығымен өмір» (Ин. 10, 10) алуға издеген күтуі мен үмітін іске асырды.

    Дүниенің басында жазылған орындалды. Енді өлім адамға бұдан ары бұндай билік ете алмайды – енді «Адамда қалай барлығы қайтыс болса, Христоста барлығы солай өлімнен тіріледі» (1Кор. 15, 22). Сондықтан Пасха христианствоның ең маңызды мерекесі болып табылады, қорланған және қиналған Назареттен шықан Иисус, Құдайдың даңқымен нұрларған, «үшінші күні өлімнен тіріліп, және әр денеге өлімнен тірілу жолын салған <…> Өзі барлығы болсын, барлығының алдында болған (Ұлы Василийдің литургиясының анафорасы).

   Бүгін Христос бізді қайта сенім тойына, Патшалық тойына шақырады, Оның кешірім құрбандығының жемісінің дәмін татуға, мәңгі өмірге ағатын суға шөлімізді қандырып ішуге шақырады (Ин. 4, 14). Бірақ біздің Құдай Иемен бірге болғанымыз тек Құдайға қызметтікке қатыстығымызбен ғана емес, әлде жеке мінажаттық ынталығымызбен ғана шектелмеуі керек. Ол біздің өміріміздің барлық таптарында толықты байқалуы қажет. Жанымызда Құдайда қуаныш таппаған, аянышты, қайғыланған, жалғыз, батықсыз әлде аурудан қиналған адамдарды біле тұра біз уайымсыз тойлай алмаймыз. Біздің киелі міндетімізге Христостың аты барлық жерде мадақталуына үлес қосуымыз кіреді, адамдардың Құдайдың даңқына істелген игі істерді көріп, православие сеніміне қатысты болуына, өздерінің жүректерін Аспандағы Әкеге бағыттауларына.

   Өкінішке орай, адамның мейірімсіз еркі және шайтан азғырыны әлі дүниеде әрекет жасайды. Бірақ  біздің жанымызда жабырқаулыққа орын болмау қажет, өйткені барлық бәле, катаклизмдер, қақтығыстар және үйлесімсіздіктерге қарамастан біз білеміз, Құдай Иенің дүниені жеңгенін (Ин. 16, 33), күнә мен өлімнің жеңілпазы болғанын. Сондықтан біз сөзімізбен және ісімізбен нұр жауған құт береке жайында куәландыруымызға мүмкіндігіміз бар, жақындарымыз бен алыстағыларымыз бізге ере, барлық Оның адал балаларына Құдай берген сенімнің салтанатына және нұр жауған құт берекенің байлығына қатысты болуға ынталы қалағандары үшін.

   Тағы барлықтарыңды ең ұлы мереке Пасхамен, «Иисус Христостың Тірілу мерекесімен құттықтаймын, сенімді куәгер Болған, қайтыс болғандардың тұңғышы және жердегі патшалардың әміршісі. Бізді сүйіп және біздің күналарымызды Өзінің Қанымен жуып және бізді Құдайға және Өзінің Әкесіне патша және дін қызметкері еткенге даңқ және патшалық ғасырдан ғасырға, аумин» (Откр. 1, 5-6).

 

ШЫНЫМЕНДЕ ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Мәскеу,

Христос Пасхасы

2017 ж.